Қазақстанның бір қаласында жаз бойы ыстық су берілмеуі мүмкін
Жарияланған күні:
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты Ақтауда мамыр айынан бастап жаздың соңына дейін ыстық су өшетінін хабарлады. Компания бұл шараны мәжбүрлі деп атады, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым МАЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, ұзақ уақытқа өшіру жылу магистральдық құбырларының ауқымды реконструкциясымен байланысты.
"Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына сапалы дайындалу мақсатында "Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту және салу" жобасы аясында "МАЭК" ЖШС меншігіндегі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
"МАЭК" ЖШС келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және бұл шаралар қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсінуді сұрайды", - делінген компания хабарламасында.
Ыстық су нақты қай күннен бастап өшірілетіні белгісіз, бірақ тұрғындар 22 сәуірден бастап ыстық су болмайтынына дайын болуы керек.
"22-26 сәуір аралығында жылу желілерінің ақаулы учаскелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар жылу желілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы мерзімнен кейін анықталған ақаулар түзетіледі. Ал 1 мамырдан бастап жылу магистральдық құбырын қайта құруды бастау жоспарлануда", - деп толықтырды ұйым.
Бұл ретте МАЭК Ақтауда сәуірдің 22-сі мен 26-сы аралығында ауыз судың өшірілетіні туралы интернетте пайда болған ақпаратты жоққа шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088155-qazaqstannyn-bir-qalasynda-zaz-boiy-ystyq-su-berilmeui-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.