Жел, найзағай, жаңбыр: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
21 сәуірде Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
21 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 24 м/с жетеді.
21 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Шымкентте 21 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде күннің екінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
23 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 23 сәуірде күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. 21-22 сәуірде күндіз, 23 сәуірде тәулік бойы облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 сәуірде облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 21-23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
21 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 сәуірде күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088314-zel-naizagai-zanbyr-eldin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.