Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Көрнекі фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері су тасқыны кезінде қандай қауіпсіздік шаралары барын айтты. Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ТЖМ өкілдері ел тұрғындарын су тасқыны кезінде мұқият болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

  • құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;
  • киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;
  • электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар;
  • эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Сондай-ақ құтқарушылар азаматтардан егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені анықталса, аталған ақпаратты дереу 112 нөміріне немесе жедел желі телефонына жіберуді сұрады.

Еске салайық, бүгін Оралда қайтадан Жайық өзені тасып, қала маңындағы саяжай аумақтарын су басқанын жазған едік.

Кейін құтқарушылар адамдарды іздеу үшін тікұшақ пен дрондарды қолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088587-tzm-qazaqstan-azamattaryna-undeu-zasady/