Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдарды іздеу үшін тікұшақ пен дрон қолданылған": желіде Орал маңындағы су тасқыны түсірілген видео пайда болды (фото, видео)

Опубликовано:

Оралдағы су тасқынынан адамдарды құтқару сәті
Адамдарды құтқару сәті. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін Оралдағы Жайық өзеніндегі су бөгетті жарып өтіп, арнадан асып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі Орал маңындағы су басқан жерлер түсірілген фотолар мен видеоны бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында жарияланған видеодан саяжай маңындағы көшелерді су басып, үйлердің жартысына жуығы су астында қалғанын көруге болады.

"Орал маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда. Құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды құтқарған.

Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау операциясы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізіліп отыр.

Тікұшақ әуеге көтерілді. Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізіліп жатыр. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды", - делінген хабарламада.

Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Амангелді Ешмұхановтың мәліметіне сүйенсек, адамдарды эвакуациялау шаралары алдын ала қолға алынған. Дегенмен жергілікті тұрғындар арасында өз еркімен үйлерінен кетуден бас тартқандар да болғаны хабарланған.

Еске салайық, бүгін Оралда қайтадан Жайық өзені тасып, саяжайларды су басқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2088509-adamdardy-izdeu-usin-tikusaq-pen-dron-qoldanylgan-zelide-oral-manyndagy-su-tasqyny-tusirilgen-video-paida-boldy-foto-video/

pixel