Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды (онлайн-трансляция)

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі қайта жалғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де өтеді.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған қасақана адам өлтірді деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088740-quandyq-bisimbaevtyn-isi-boiynsa-kezekti-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-translyaciya/