Қуандық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келді
Жарияланған күні:
Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысына күтпеген жерден ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
22 сәуірде сағат 14:30-да Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы тікелей эфирде жалғасты.
Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарының ісіне қатысты өтінішті оқып жатқанда, камера сот залын көрсетті.
Сот процесіне қатысушылардың арасында костюм және қара көзілдірік киген Ксения Собчак болды.
Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді.
Сондай-ақ ҰҚК қызметкерлері Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмағаны белгілі болды.
Айта кетейік, Ксения Собчак – ресейлік журналист. Санкт-Петербург қаласының бірінші мэрі Анатолий Собчактың қызы. Көптеген телевизиялық бағдарламаның жүргізушісі болған. YouTube-арнасында 3,63 млн адам жазылған. Instagram-парақшасына 9,6 млн адам жазылған. Танымал тележүргізуші 2018 жылы Ресей президенті сайлауында президенттікке үміткер болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089028-quandyq-bisimbaev-sotyna-kseniya-sobcak-keldi/