jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қуандық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келді

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысына Ксения Собчак келді
Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысына күтпеген жерден ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

22 сәуірде сағат 14:30-да Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы тікелей эфирде жалғасты.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарының ісіне қатысты өтінішті оқып жатқанда, камера сот залын көрсетті.

Сот процесіне қатысушылардың арасында костюм және қара көзілдірік киген Ксения Собчак болды.

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді.

Сондай-ақ ҰҚК қызметкерлері Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмағаны белгілі болды.

Айта кетейік, Ксения Собчак – ресейлік журналист. Санкт-Петербург қаласының бірінші мэрі Анатолий Собчактың қызы. Көптеген телевизиялық бағдарламаның жүргізушісі болған. YouTube-арнасында 3,63 млн адам жазылған. Instagram-парақшасына 9,6 млн адам жазылған. Танымал тележүргізуші 2018 жылы Ресей президенті сайлауында президенттікке үміткер болған.

Қуандық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.