Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Яндекс Казахстан Карты сайтында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін навигацияны жаңартты

Опубликовано:

Яндекс Карты
Сурет: Яндекс Казахстан

Яндекс Карты қызметінде жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және самокат тебушілерге арналған навигация жаңартылды. Енді жергілікті жер бедерін ескере отырып, ең ыңғайлы жолды таңдауға болады. Қозғалыс кезінде қолданбада жолдар, тротуарлар, үй нөмірлері және подъездер анығырақ көрінеді. Сондай-ақ маневр туралы кеңестер ұсынылады, пайдаланушыға қажет болса, маршрут автоматты түрде жақындап және алыстап көрсетіледі.

Маршрут құру кезінде-ақ жер бедері туралы ақпаратты – биіктік өзгерістерін, тік жолдар мен баспалдақтар санын көре аласыз. Осылайша дұрысырақ жету жолдары туралы шешім қабылдау оңай болады. Мысалы Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына дейін тік көтерілетін жолмен 13 минутта жетуге болады, сондай-ақ жазықтау маршрут таңдап, 20 минут жұмсауға болады.

Сонымен қатар енді маршрутты қозғалыс бағытымен бұрудың қажеті жоқ – қолданба оны өзі істейді. Пайдаланушының белгісі экранның төменгі жағында болады, бұл сізге жолды толығырақ көруге мүмкіндік береді. Оған қоса қолданба картаны тіке жүретін жерлерде алыстатады және бұрылыстарда немесе маршруттың соңында жақындатады. Осылайша жаяу жүргінші жолдарын, шлагбаумдарды, подъезд нөмірін және басқа да маңызды деректерді көруге мүмкіндік болады.

Пайдаланушыға жол бойы кеңестер беріліп, неше метрден кейін бұрылу керектігі хабарланып тұрады. Олар ауызша да айтылып, көрсетіледі де.

Алдағы уақытта маршруттарды таңдағанда тік көтерілетін жерлерді қамтитын нұсқаларды мүмкіндігінше қарастырмау мүмкіндігі шықпақ.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алу.

Яндекс Қазақстан – машинаны оқытуға және нейрожелілерге негізделген өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Яндекс Қазақстан пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және елдегі цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және ендірумен айналысады. Елде компанияның 10-нан астам сервисі, соның ішінде іздеу порталы, таксиге онлайн тапсырыс беру, жеткізу және тамақ, бұлт сервистері, геосервистер, ойын-сауық сервистері, сондай-ақ білім беру жобалары жұмыс істейді.

Яндекс Карты – жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен немесе автобуспен жетуге болатын маршруттар құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Сондай-ақ ол арқылы қажетті орындарды тауып, басқа да күнделікті жұмыстарды орындауға болады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады. Яндекс Карты қызметін Поиск, Такси, Еда, Доставка сияқты Яндекстің басқа сервистеріндегідей қазақ тілінде пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089118-yandeks-kazaxstan-karty-saitynda-zayau-zurginsiler-men-velosipedsiler-usin-navigaciyany-zanartty/

pixel