Бишімбаев жантүршігерлік видео көрсетілгеннен кейін де қасақана өлтіру айыбымен келіспеді
Жарияланған күні:
Экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонындағы жантүршігерлік видео көрсетілгеннен кейін де қасақана өлтіру айыбымен келіспеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Біз видеоны көріп болып, сізге тағылған айыпқа көз жеткізіп отырмыз. Сіз әлі де өз сөзіңізден айнымадыңыз ба?" - деп сұрады прокурор Бишімбаевтан.
"Меніңше видеода сіздер айыптау актісінде жазған әрекеттер шындыққа жанаспайтыныны көрінеді. VIP-ке оралған соң ол жерде ұрып-соғу болған жоқ. Аса қатыгездікпен кісі өлтіру әрекетін жасамадым", - деді Бишімбаев.
Айта кетейік, Бишімбаевтың телефонын қарау кезінде судья 9 қараша күні деп белгіленген видеофайлдарды қосқан. Файлдардың бірінен Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан белгісіз ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін дөрекі түрде анайы сөзбен сұрағаны естіледі.
Телефондағы бейнежазбалар кейін айыптау тарабына көрсетілді. Оның ішінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де бар. Жантүршігерлік кадрларды көрген олар көзін жауып, көз жасына ерік берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089181-bisimbaev-zanturgigerlik-video-korsetilgennen-keiin-de-qasaqana-oltiru-aiybymen-kelispedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.