Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әйелді баланың көзінше соққыға жыққан тұрғын ұсталды

Жарияланған күні:

Ұрып-соғу сәтінен кадр
Ұрып-соғу сәтінен кадр. Фото: Lada.kz

Ақтауда әйелді баланың көзінше соққыға жыққан тұрғын ұсталды. Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, бұл оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйдің подъезінде болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағына қарайды.

Содан соң оны лифтке итеріп кіргізіп, құлатып, шашына жармасады. Осы кезде бейнежазбадан кішкентай баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлап жатқаны естіледі.

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, Ақтау қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089196-aqtauda-aieldi-balanyn-kozinse-soqqyga-zyqqan-turgyn-ustaldy/