Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анықтаймын": Балаева Ксения Собчактың Бишімбаев сотына келуі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына күтпеген жерден ресейлік журналист Ксения Собчак келгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистердің айтуынша, ресейлік журналиске сотта "артықшылық" берілген.

"Ол жердегі Собчактың артықшылығы: ол отырады, басқалары тұрды", - деді қазақстандық БАҚ өкілдері.

Балаева бұған қатысты жағдайды анықтайтынын айтты.

"Білмеймін, анықтаймын, өйткені бұл туралы БАҚ-тан көрдім, өздеріңіз жария еттіңіздер (жаңалықты – ред. еск.) Айтпақшы, мен сот процесін көрмеймін, бәрін сіздердің материалдарыңыздан біліп отырамын", - деді министр.

Астанада Бишімбаев ісі бойынша 22 сәуірде өткен сот отырысында Ксения Собчак көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089217-anyqtaimyn-balaeva-kseniya-sobcaktyn-bisimbaev-sotyna-kelui-turaly-pikir-bildirdi/

pixel