Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Собчак Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына қатысуын түсіндірді

Опубликовано:

Ксения Собчак сотта (қара көзілдірікпен).
Ксения Собчак сотта (қара көзілдірікпен). Фотосурет: youtube.com/@SupcourtRK

Ресейлік тележүргізуші әрі журналист Ксения Собчак Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына неліктен қатысқанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ксения Собчак Telegram-арнасында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа қатысуы жайында айтып берді. Сондай-ақ ол өзіне берілген "артықшылықтары" үшін сынаған қазақстандық журналистерге де жауап берді.

"Бүгін қазақстандық және ресейлік БАҚ Қазақстанның экс-министрі Бишімбаевтың сотында маған артықшылық берілді, қорғаушылардың орнында отырды, ал басқа журналистер тұрып тұрды деп жаза бастады.

Біз бұл тақырыпты көптен бері зерттеп келеміз – алғашқы күннен-ақ Салтанаттың өлімі туралы жазып жатырмыз.

Бұл оқиғаны жан-жақты түсіріп, процесті тәуелсіз журналистер ретінде жариялаймыз, біз ешкіммен байланысты емеспіз.

Тараптардың ешқайсысы бізді сотқа шақырған жоқ. Мен Жоғарғы сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өттім, менің командам оның баспасөз хатшысымен байланыста болды. Бізді қайда отырғызса, сонда отырдық. Бүгін шынымен де ерекше сот болды. Бұл туралы біраз уақыттан кейін міндетті түрде айтып береміз", - деді Собчак.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі өтті. Сот отырысына күтпеген жерден ресейлік тележүргізуші әрі журналист Ксения Собчак келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089301-sobcak-bisimbaevtyn-isi-boiynsa-sot-otyrysyna-qatysuyn-tusindirdi/

pixel