"Қауіп сейілгендей": СҚО-дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеді (видео)
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысына тасқынның екінші толқыны келді – Сергеев су қоймасындағы су деңгейі ернеуінен асып барып, қайта төмендеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна ақпаратынша, өңірдегі тасқынның екінші толқыны кезінде Сергеев су қоймасының деңгейі су деңгейі 62 сантиметрге төмендеген. Сондықтан тасқынның екінші толқынынан аса қауіп жоқ дейді мамандар.
Мұны елдімекендердегі су деңгейінің төмендеуінен де байқауға болады. Арнасынан асқан Есіл өзені де жарты метрге түскен.
"Қазір Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 3 метр 60 сантиметр. Әлдеқайда арнасынан асып-тасыған су мөлшері төмендеді десе болады. Сондықтан қауіп сейілгендей. Оның үстіне ағын су өзен сағасына қарай ойысып, жан-жаққа жайылып келеді", - дейді СҚО ТЖД бас маманы Евгений Журавлев.
Дегенмен қазір өңірде үш мыңға жуық баспана суда тұр.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089352-qauip-seiilgendei-sqo-dagy-sergeev-su-qoimasynda-su-dengeii-tomendedi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.