Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да құтқарушылар суға батып бара жатқан жылқыларды құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Құтқарушылар суға батып бара жатқан жылқыларды құтқарған сәті
Құтқарушылардың жылқыларды құтқарған сәті. Видеодан кадр: https://t.me/qr_tjm

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар суға кетіп бара жатқан жылқыларды құтқарып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Ақжайық ауданы Бударин ауылында Түркістан облысының құтқарушылары тасқын суға батып бара жатқан жылқыларға көмекке келген. Олар жануарларды құрлыққа, қауіпсіз жерге алып шыққан.

Айта кетейік, 21 сәуірде Оралда қайтадан Жайық өзені тасып, қала маңындағы саяжай аумақтарын су басты.

Оралда су тасқыны кезінде ер адамды ағын су алып кете жаздады. Абырой болғанда, оны сол маңда жүрген құтқарушылар мен еріктілер, ауыл тұрғындары құтқарып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089346-bqo-da-qutqarusylar-suga-batyp-bara-zatqan-zylqylardy-qutqaryp-qaldy-video/

pixel