Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты (онлайн-трансляция)

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі қайта жалғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де өтеді.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.

Айта кетейік, 22 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың телефонын қарау кезінде судья 9 қараша күні деп белгіленген видеофайлдарды қосқан. Файлдардың бірінен Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан белгісіз ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін дөрекі түрде анайы сөзбен сұрағаны естіледі.

Телефондағы бейнежазбалар кейін айыптау тарабына көрсетілді. Оның ішінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де бар. Жантүршігерлік кадрларды көрген олар көзін жауып, көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089457-quandyq-bisimbaev-isi-boiynsa-sot-otyrysy-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/

pixel