jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев бейтаныс әйелдермен не туралы сөйлескені белгілі болды

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін судья Айжан Күлбаева айыпталушының басқа әйелдерге жазған хабарламаларын оқыды. Бишімбаев олармен келіншегі Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні сөйлескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі сот отырысы барысында судья Бишімбаевтың "Юля супер" деген атпен сақталған адаммен не туралы сөйлескенін оқып берді. Олар 9 қараша күні хабарлама алмасқан.

Айжан Күлбаева экс-министрден "Юля супер" деген адамның кім екенін сұрағанда "бұл жеке хабарламалар, қарамасаңыздар болады ма?" деп жауап берді.

Бишімбаев "Юля супер" деп жазылған адаммен 9 қараша күні сағат 19:07 мен 19:36 аралығында сөйлескен.

Бишімбаев: Қалың қалай?

Юля супер: Сәлем, бәрі жақсы. Өзіңнің қалың қалай?

Бишімбаев: Не істеп жатырсың? Боссың ба?

Юля супер: Кірпіктерімді жасаттым. Қаншада?

Жәбірленуші тараптың адвокаты Юлиямен сөйлескен уақытта Бишімбаев көріпкелге хабарласқанын атап өтті.

"9 қараша күні сағат 19:17-де Бишімбаев "Гүлнар Шым" (ред. көріпкелдің нөмірі) атты абонентке хабарласады. Ал 19:07-ден 19:36-ға дейін "Юля супер" атты адаммен қатар сөйлесіп отырады. Ол алаңдап, Гүлнараға Шымкентке хабарласа отырып, сол сәтте басқа әйелмен сөйлесіп отырады", - деді адвокат Әлия Омарова.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан "Ол сізге қандай да бір қызметтер ұсынды ма?" деген сауал жолдады. Экс-министр ол әйелмен "жай таныспыз" деп қысқа қайырды.

Сонымен қатар Қуандық Бишімбаев 9 қараша күні Гүлнар Насырбековамен хат алмасқан. Ол Бишімбаевқа сурет жіберіп, "сенен раушан гүлдердің иісі шығады" деп жазады.

Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев бейтаныс әйелдермен не туралы сөйлескені белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.