Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны түсіну керек": министр мемлекет су тасқынынан қираған қора-қопсыны қалпына келтірмейтінін мәлімдеді

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында өткен брифингте су тасқынынан бүлінген қора-қопсы мемлекет есебінен қалпына келтірілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлады.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге – ред.) өтемақы берілген.

"Бірақ аула құрылыстарын, қораларды және т.б. нысандарды мемлекет қайта тұрғызбайды. Себебі ең басты мақсат – баспанамен қамтамасыз ету", - деп жауап берді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, уақытша құрылыстарды қайта тұрғызудың қажеті жоқ. Оның пікірінше, ең алдымен тек баспанамен қамтамасыз ету қажет.

"Алайда басқаларды қайта тұрғызбаймыз. Оны түсіну керек. Себебі көптеген адам үйсіз қалды. Менің ойымша, аз ресурсымызды қораға, өзге мәселеге жұмсауға болмайды", - деді министр.

Айта кетсек, бұған дейін Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуға бөлінген қаражат ешкімнің қолына берілмейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089634-ministr-memleket-su-tasqynynan-qiragan-qora-qopsyny-qalpyna-keltirmeidi/

pixel