Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Райымбек Баталов Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Райымбек Баталов
Райымбек Баталов. Фото: instagram.com/raimbekbatalov

Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Райымбек Баталовтың айтуынша, ол бұлай мәлімдеме жасауға мәжбүр болған. Кәсіпкер үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша сот отырысында сотталушының телефоны зерттелген. Сол кезде видеода Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан "Райымбек Баталовпен көңіл қостың ба?" деп дөрекі түрде сұраған дауыс естілген.

Баталов бұл сөздің бәрін сандырақ деп атады.

"Достар, мен Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі бойынша пікірімді білдіргім келмеген еді. Бірақ менің атымды кірлейтін сөздер мәлімдеме жасауыма мәжбүр етті. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталушының маған қатысты айтқан сөздері сандырақ. Бұған сенбеуді сұраймын, ал блогерлер мен БАҚ өкілдерін шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауын сұраймын", - деді ол.

Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенованың туыстары марқұмның ар-намысы мен абыройына қатысты айтылып жатқан түрлі қауесеттерден қорғауға мәжбүр болғанына алаңдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Нүкенованың өліміне қатысты 22 сәуірде өткен сотта Бишімбаевтың телефонындағы жантүршігерлік видеолар көрсетілді. Оның ішінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де бар. Жантүршігерлік кадрларды көрген олар бетін жауып, көз жасына ерік берген еді.

Қуандық Бишімбаев Нүкенованы қорлағанын және телефондағы видеоны өзі түсіргенін мойындады. Видеода ол марқұмға балағат сөздер айтып, оны Райымбек атты ер азаматпен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындауға мәжбүр еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089802-raiymbek-batalov-bisimbaev-isine-qatysty-pikirin-aitty/