Үкімет су тасқынынан зардап шеккендер қосымша көмекті қалай ала алатынын түсіндірді
Жарияланған күні:
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет жариялаған мәлімет бойынша бүлінген үй заттарына тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді.
Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізілетін болады. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.
"Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай, біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және тағы басқасын ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын", - деп атап өтті ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089820-ukimet-su-tasqynynan-zardap-sekkender-qosymsa-komekti-qalai-ala-alatynyn-tusindirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.