Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су басқан Құлсарының бүгінгі жай-күйі қандай

Жарияланған күні:

Құлсарыдағы су басқан балабақша
Су басқан балабақша. Фото: azh.kz

Құлсары су тасқынынан айтарлықтай зардап шекті. Атырау облысындағы су басқан қаладан түсірілген фотосуреттерді "Ақ Жайық" басылымы жариялады.

Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 1 млн текше метрге жуық су шығарылған.

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда: Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі, Маңғыстау облысы ТЖД, Алматы облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД қызметкерлері.

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

"Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік - СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум "Суперсакер" тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 1 миллионға жуық м3 құрайды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері.

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Құлсарыдағы тасқыннан опырылған үй
Құлсарыдағы тасқыннан опырылған үй. Фото: azh.kz

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Жылыойдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлімдеді.

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.

Құлсарыдағы су басқан көше
Құлсарыдағы су басқан көше. Фото: azh.kz

"Жылыой ауданынан 3151 отбасына жалпы сомасы 1 163 349 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда", - деді Азамат Мәмбетов.

Құлсары тұрғыны
Құлсары тұрғыны. Фото: azh.kz

Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.

Еске салсақ, 4 сәуірде су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.

6 сәуірде Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 мыңға жуық адам, оның ішінде бес жарым мыңға жуық бала эвакуацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089661-su-basqan-qulsarynyn-bugingi-zai-kuii-qandai-foto-video/