Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаң бірдеңе істеген": көріпкел Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевтың анасына хабарласқанын айтты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев анасымен
Қуандық Бишімбаев анасымен сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

9 қарашада қайғылы оқиға болған күні Бишімбаев сөйлескен көріпкелден Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта жауап алынды. Ол сол күні Бишімбаевтың анасына хабарласқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сотта көріпкел Бишімбаевтың анасымен екі жылдай, ал айыпталушымен бір жарым жылдан бері таныс екенін айтты.

Жәбірленушінің адвокаты куәгерден Нүкенова қайтыс болғаннан кейін Бишімбаевпен немесе оның отбасымен байланысуға әрекет жасадыңыз ба сұрады.

"Кешке оның анасына хабарластым, оның қандай күйде болғанын білмеймін, қоңырау шалдым: "Балаң бірдеңе істеген, төбелескен, барып біл" дедім. Онымен (Қуандық Бишімбаевпен - ред.) сөйлескен соң, бірден анасына хабарластым. Кешкі сағат 19:30-да телефон соқтым. Ол қатты жылады, телефонды қойып тастадым", - деді куәгер.

Сондай-ақ куәгерден "Бишімбаевтың анасына Нүкеноваға медициналық көмек қажет екенін айттыңыз ба?" деп сұрады.

"Жоқ, мен оған қоңырау шалып: "Ол жерде бір қорқынышты нәрсе болды, хабарлас, олар қатты ұрысып, бір-бірін жарақаттады дедім", - дейді куәгер.

Айта кетейік, бүгін сотта Бишімбаев қоңырау шалған көріпкел өзін әлдекімдер қорқытып жатқанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090189-balang-birdenge-istegen-koripkel-nukenova-qaitys-bolgan-kuni-bishimbaevtyng-anasyna-habarlasqanyn-aitty/

pixel