"Дауысыңызды бәсеңдетіңіз": судья Бишімбаевтың адвокатына ескерту жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында көріпкелге дауыс көтеріп сұрақ қойып, қысым көрсеткені үшін Бишімбаевтың адвокатына ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова жауап алу кезінде көріпкелден Бишімбаевпен сөйлеспес бұрын неліктен "ол ұйықтап жатыр, таңға дейін ұйықтайды" деп хабарлама жазғанын сұрады.
Бірақ сотта көріпкел хабарлама жазбас бұрын ол алдымен Бишімбаевпен телефон арқылы сөйлескенін, Бишімбаев оған "солай жаз" деп айтқанын жеткізді. Ол Бишімбаев Салтанатта "бәрі жақсы болады" деп жазуға көндіргенін, жағдайға мән берместен осындай хабарлама жазғанын айтты.
Қорғаушы көріпкелге дауыс көтеріп, қатқыл үнмен сұрақтар қойды. Судья Құсайыновадан дауысын бәсеңдетуді сұрады.
"Қорғаушы, сот сізге сізге ескерту жасайды. Тағы қайталаймын, дауысыңызды бәсеңдетіңіз. Процестің қатысушыларына құрметпен қарауыңыз керек. Куәгерге қалыпты дауыста сұрақ қойыңыз", - деді судья Айжан Құлбаева.
Еске салайық, бүгінгі сот отырысында көріпкел Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевтың анасына хабарласқанын айтқан болатын.
Сондай-ақ сотта Бишімбаев қоңырау шалған көріпкел өзін әлдекімдер қорқытып жатқанын жеткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090216-dauysyngyzdy-basengdetingiz-sudia-bishimbaevtyng-advokatyna-eskertu-zhasady/