Елдегі су тасқыны: ҚМА бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты жаңа мәлімет жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс кулуарында Жеңіс Елемесов гидротехникалық құрылыстар салуға бөлінген қаржыны жымқырды деп күдікке ілінгендер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов ведомство Ұлытау, Ақтөбе облыстарында, Алматы мен Қызылордада гидротехникалық құрылыстар салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін растады.
"Бұл қылмыстық істің басым бөлігі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тіркелді.
Жалпы алатын болсақ, шамамен 1 млрд теңге. Бірақ бұл сома 140 миллиард теңгеден бөлек. Бұл Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды қолдауға аталған сомадан бұрын бөлінген ақша.
Ал қазіргі таңда бөлінген қаржы, 140 млрд теңге, өз өкілеттігіміз аясында біз міндетті түрде тиісті жедел шаралар, қаржылық мониторинг жүргізіп, мұндай жағдай қайталанбауын қадағаймыз. Қандай да бір фактілер анықталса, алдын ала тоқтатамыз", - деді спикер.
Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қаржы жымқырды деген күдікке тендерді алған кәсіпкерлер де ілінген. Жұмысты аяқтау актісіне қол қоюға қатысқан лауазымды тұлғалар да бар, деді ол.
Айта кетсек, 23 сәуірде агенттік өкілдері Қазақстан бөгеттерді салуға бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеретіні туралы хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090270-eldegi-su-tasqyny-qma-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgandarga-qatysty-zhanga-malimetter-zhariialady/