Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл жағдайда бизнес жасаудың қажеті жоқ": су басқан облыстың әкімі кәсіпкерлерге үндеу жасады

Опубликовано:

Қайық су бетімен жүзіп барады
Петропавлдағы су тасқыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Еліміздің жеті облыста төтенше жағдай режимі күшінде. Облыс әкімі кәсіпкерлер алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда су басқан аумақта 3,5 мыңға жуық үй болған. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Петропавлдың шет жағындағы аудандар.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аумақтарды зерттеу барысында 2 мыңға жуық жеке тұрғын үйді су басқаны анықталды. Облыс орталығы біржолғы төлемдерге 724 млн теңге бөлінді.

"Тұрғын үй қорынан 18 пәтер дайындалды: 8 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі. 197 пәтер де қолға алынды: 67 бір бөлмелі, 103 екі бөлмелі және 27 үш бөлмелі коммерциялық тұрғын үйден.

Құрылыс компанияларымен тиісті меморандум жасалды. Пәтерлердің бағасы 22 миллион 700 мыңнан аспайды. Бұл мәселе қала риэлторларымен пысықталды, қолда 204 пәтер бар", - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 3 айдың ішінде су тасқынының салдарын жою бойынша барлық шараны аяқтау үшін жауапты тұлғалар мен жауапты басқармаларға тапсырма жүктеді.

Облыс әкімі бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіру, жөндеу және салу "Қазақстан халқы" қорына жүктеліп, оған ірі қазақстандық компаниялар қаржы аударатынын мәлім етті.

Ол 3 айдың ішінде су тасқынының салдарын жою бойынша барлық шараны аяқтау жөнінде жауапты тұлғалар мен жауапты басқармаларға тапсырма жүктеді.

"Құрметті бизнес өкілдері, бұл жағдайда бизнес жасаудың қажеті жоқ екенін ескертемін. Құрылыс тауарларының бағасын да көтермеңіздер", - деді облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпкерлерге.

Сонымен қатар зардап шеккен аудандар мен қала басшыларына апта соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге берілеген біржолғы төлемді есептеуді аяқтау тапсырылды. Ал су тартылған соң тез арада су басқан тұрғын үйлерді техникалық тексеруден өткізіп, бағалау жүргізіледі, деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089982-bul-zagdaida-biznes-zasaudyn-qazeti-zoq-su-basqan-oblystyn-akimi-kasipkerlerge-undeu-tastady/

pixel