Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төрт күн бойы толассыз жаңбыр жауады деп күтіледі

Опубликовано:

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 24-28 сәуір аралығында Алматыда толассыз жаңбыр жауады деп болжады. Соған байланысты қалада жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.

"Судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.

Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоюға кеңес берілмейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауын сұраймыз. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақырамыз", - деді әкімдік өкілдері.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 24 сәуірде көшпелі бұлт шығады, 3 мм дейін өткінші жауын, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы +23...+25°C болады.

25 сәуірде күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс, батыс 3-8 м/с жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C-ты көрсетеді.

26 сәуірде көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C болмақ.

27 сәуірде күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.

28 сәуірде қалада көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+15°C болады деп болжанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090300-almatyda-tort-kun-boiy-tolassyz-zhangbyr-zhauady-dep-kutiledi/

pixel