jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Атырауға тасқын су мамырда келуі мүмкін": отандық ғалым күтпеген мәлімдеме жасады

Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқыны
Құлсары қаласындағы су тасқыны. Фото: t.me/qr_tjm

Атырауға тасқын судың көп бөлігі мамыр айының басында келуі мүмкін. Өңірлік ғалымдар табиғи апатқа қатысты осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Басылым мәліметіне сүйенсек, Атырау облыстық жедел штаб жанында зерттеуші ғалымдардың жұмыс тобы бар. Ал аталған топтың мүшесі Арман Жұмағазиев Жайықпен келетін тасқын су мамыр айының басында өзен арнасына шығып, тасуы мүмкін деп отыр.

"Су тасқынына байланысты көп жылғы деректерді сараптап, ескеру керек. Осы тұрғыдан бұрынғы деректерді сараласақ, Атырау облысының аумағына тасқын судың көп бөлігі әдетте мамыр айының ортасында келгенін білеміз.

Бірақ биыл Ресей Федерациясының аймағынан мол су келіп, көктемгі тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысының аумағымен төменге қарай аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде жетеді. Осындай болжамға сүйенсек, 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің Атырау облысындағы арнасы толуы мүмкін", - дейді ғалым Арман Жұмағазиев.

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, бүгін, 24 сәуір таңғы сағат 08:00-де Атыраудағы гидробекетте Жайық өзенінің деңгейі 422 сантиметрге жеткен. 

"Бұл өңірде Жайық өзенінің қауіпті деңгейі – 550 см. Су тасқынының қаупіне байланысты 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша Атырау қаласындағы Жайық жағалауына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды", - деп мәлім етті облыстық жедел штаб өкілдері.

"Атырауға тасқын су мамырда келуі мүмкін": отандық ғалым күтпеген мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.