jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астанада қылмыс жасады деген 8 күдікті бір күнде ұсталды (видео)

Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет
Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет. Фото: Friso Gentsch/picture alliance via Getty Images

2024 жылғы 24-25 сәуір аралығында Астана қаласының аумағында "Іздестіру" кең ауқымды операциясы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық ПД өкілдері Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша елордалық полиция қызметкерлері 8 күдіктіні анықтап, ұстады, оның ішінде 4 күдікті ТМД елдерінде іздеуде жүрген.

"ТМД елдеріндегі әріптестермен оң өзара іс-қимыл ретінде Ресей ІІМБ қызметкерлері 2015 жылдан бастап алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген күдіктілерді Новосібір қаласының аумағында ұстады.

Ұсталған адам елордада болған кезде алдын ала келісім бойынша "Колеса KZ" сайтында АҚШ пен Еуропадан автокөліктерді төмен бағамен жеткізу туралы хабарландыруды орналастыру арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, келісімнің тиімділігіне сендіре отырып, 40 миллион теңгеден астам сомада ақшаны иемденген", - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта Минск Конвенциясына сәйкес қылмыстық істі қайта тапсыру туралы мәселе шешіліп жатыр екен.

Астанада қылмыс жасады деген 8 күдікті бір күнде ұсталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.