Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салта өзі жауап берсін": Нүкенованың ағасы қарындасы мен Баталовтың қарым-қатынасы туралы қауесетке нүкте қойды

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді кәсіпкер Райымбек Баталовпен қарындасының қарым-қатынасы туралы қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап деп хабарлайды

Бұған дейін сотта Бишімбаевтың телефонындағы Нүкенованы қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталовпен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындауға мәжбүрлеген видео көрсетілді.

Айтбек Амангелді сотта видеолар толық көрсетілмегенін, сондықтан видеода Салтанаттың жауабы айтылған бөлігі трансляцияда даусы шықпағанын айтты.

Сондай-ақ Нүкенованың ағасы қарындасы Бишімбаевпен кездескенге дейін Салтанаттың Баталовпен қарым-қатынаста болған-болмағаны туралы көптеген сұрақтар келетінін атап өтті.

"Салтаның өзі жауап берсін. Мен бұл туралы соңғы рет айтып, азаптау видеоларын соңғы тыңдағаным деп үміттенемін", - деді Айтбек.

Ол бұл істе Райымбек Баталов пен оның әйелі де зардап шеккенін атап өтті.

"Айыпталушының басындағы нәрсе тек оның ойындағы нәрсе. Кеше сотта оның телефонындағы видеолар тексерілген кезде судья видеоны соңынан бастап көрсетті, сондықтан көбі түсінбей қалған.

Салтанат алғашында және ұзақ уақыт бойы оның бітпейтін сұрағына жауап береді. Бірақ Бишімбаев өзіне қажет жауапты алу үшін оны солай айтуға мәжбүрлеген", - дейді Айтбек.

Айтбек Амангелді видеоны қосып, Салтанат Бишімбаевтың "Баталовпен көңіл қостың ба?" деген сұрағына жауап берген видеоны қосты. Нүкенова "ешқашан" деп жуап берген. "Оның көңілдесі болдың ба?" деген сұраққа қыз бірнеше рет "жоқ, ешқашан" дейді.

"Ант етемін, мен саған өтірік айтпаймын, мен онымен көңіл қоспадым", - деген Салтанаттың дауысы естіледі.

Айтбек Бишімбаевтың белгісіз себептермен Баталовты ұнатпайтынын айтты.

"Өзіне қызғаныш, уәж ойлап тапты (...) Жауап алудың басында мен оның адвокатына "Салтанат тірі болса, қазір Бишімбаев одан да қызғанатын еді" деп айтқанмын.

Мәселе Салтанатта емес, үшінші тұлғаларда емес, Бишімбаевта. Оның қорқынышы мен пайымдауында", - деді Нүкенованың ағасы.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090714-salta-ozi-zhauap-bersin-nukenovanyng-agasy-qaryndasy-men-batalovtyng-qarym-qatynasy-turaly-qauesetke-nukte-qoidy/

pixel