Air Astana пилотының ұсталуы: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Есірткіге мас күйде ұсталған Air Astana компаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің өкілдері.
Айта кетейік, 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталған. Бүгін осы жайтқа қатысты Air Astana компаниясы түсініктеме беріп, ұшқыштың жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091377-air-astana-pilotynyng-ustaluy-qylmystyq-is-qozgaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.