Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нөпір су Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына бағыт алды

Опубликовано:

Жайық өзені
Жайық өзені. Фото: ТЖМ

Көп мөлшердегі су Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына бағыт алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталуда.

Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді.

Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091407-nopir-su-batys-qazaqstan-oblysynan-atyrau-oblysyna-bagyt-aldy/

pixel