jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылатыны белгілі болды

Cубұрқақ
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана мен Алматыда субұрқақтар 1 мамырдан бастап іске қосылмақ. Қазір мегаполистердегі құрылыс нысандарында дайындық және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қазір елордада субұрқақтарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр: қайта консервациялау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

"Қазақстан халқының Бірлігі күні – 1 мамырда Астанада дәстүрлі түрде субұрқақтар іске қосылады.

Қазіргі уақытта елорда аудандарының әкімдіктері фонтандарды дайындау жұмысын белсенді жүргізуде. Қалада 50-ден астам субұрқақ іске қосылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметіне сәйкес, Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында 1 мамырда сағат 11.00-де субұрқақтар іске қосылады.

Экология және қоршаған орта басқармасының дерегінше, Алматыда 150 субұрқақ болса, оның 66-сы коммуналдық меншік болып саналады.

Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.