Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы ауылда шамамен барлық үйді су басты (видео)

Опубликовано:

Нұра ауылы
Нұра ауылы. Видеодан кадр: Instagram/aibeknomad

Нұра ауылында 112 үйдің 100-ін су басты. Ал Ырғызда су тасқынына қатысты жағдай түзеліп келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram арнасы хабарлағандай, қазір Ырғыз ауданында су тасқыны жағдайы қалыпты. Ал Нұра ауылында 100, Мамыр ауылында 22, Белшер ауылында 4 үйді су басқан.

Кеше аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылы тұрғындарымен кездесу өткізген. Кездесу барысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тұрғын үйлерін салу және орнын анықтау мәселесі талқыланған

Ал бүгін, 27 сәуір күні барлық сала басшысы (электр, газ, ауыз су, байланыс, жер қатынастары бөлімі) және Нұра ауылының бірнеше тұрғынымен бірге үйлер тұрғызылатын жердің орнын анықтауға Нұра ауылына барады.

Әкімдік хабарлауынша, қазіргі таңда біржолғы әлеуметтік төлем алуға 195 отбасы өтініш тапсырған, оның 10-ы алып үлгерген. Бүгінгі күнге дейін су тасқынының шығынын анықтау бойынша құрылған арнайы комиссияға 143 өтініш түскен, техникалық тексерулер мен бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092139-aqtobe-oblysyndagy-auylda-shamamen-barlyq-uidi-su-basty-video/

pixel