Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айыпталушылар сот залына келіп үлгермеген: Бишімбаев соты кейінге шегерілді

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада сағат 10:00-де басталатын сот отырысына қарауыл айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановты әкеліп үлгермеген. Салдарынан сот отырысы кейінге шегерілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сағат 10:00-де соттың қорытынды кезеңі – жарыссөз басталуы тиіс еді. Алайда оны айыпталушыларсыз бастау мүмкін болмаған. Прокурорлар мен жәбірленуші тарап адвокаттары Бишімбаев пен Байжановсыз жарыссөзді өткізу мүмкін емес деп мәлімдеген.

Осыдан кейін судья қарауыл қызметінде түсінбестік болғандықтан отырысты кейінге шегерді.

"Басты сот отырысы сағат 14:30-ға шегеріледі. Өйткені қарауыл келемін дегенше сағат 12 болады. Бір сағат сот отырысына жетпейді", - деді судья.

Айта кетсек, 24 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева сот тергеуінің аяқталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт берген болатын.

Еске салайық, сот отырысы онлайн көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092763-bishimbaev-isi-boiynsha-soty-tusten-keiin-otetin-boldy/