jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Коронавирусқа байланысты тоқтап қалған Астана-Сеул бағытындағы рейс төрт жылдан кейін жанданды

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Фото: t.me/PR_AirAstana

Биыл 15 маусымнан бастап Air Astana Астанадан Сеулге тікелей рейстерді қайта орындайды. Бұл туралы әуекомпания Telegram-дағы арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Air Astana мәліметінше, әуекомпания Астанадан Сеулге рейстерге билеттердің сатылымын бастады. Рейстер 15 маусымынан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағында орындалады.

Айта кетсек, Астанадан Сеулге ұшатын рейстер 2015 жылы іске қосылған болатын, алайда 2020 жылы коронвирус пандемиясынан кейін тоқтатылған болатын.

Астанадан ұшатын рейстер Алматыдан Сеулге орындалатын күнделікті рейстерді толықтырып, екі бағыт та Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша орындалады. Әуекомпания Алматы-Сеул рейсін 2003 жылы бастап, 22 жылда 800 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.

Әуетасымалдаушысы сондай-ақ 2024 жылға халықаралық рейстердің жазғы кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 ретке дейін, Бішкекке аптасына сегіз ретке дейін, Тбилисиге аптасына тоғыз ретке дейін; Душанбеге аптасына төрт ретке дейін, Бакуге аптасына үш ретке дейін ұлғайтылғанын еске салды.

Коронавирусқа байланысты тоқтап қалған Астана-Сеул бағытындағы рейс төрт жылдан кейін жанданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.