jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда зорлық жасаған бар күзетшісі сотталды: жәбірленуші үкім туралы пікірін айтты

    Судья қағазға қол қоюда
    Судья. Көрнекі фото: Рexels.com

    Алматыда зорлық құрбаны болған қыз сотталушыға қатысты шыққан үкім туралы пікір білдірді. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлады.

    "Үкімге көңілім толды. Бастысы айыптау үкімі шықты, бұл жағдай әйелдерге тиіскісі келетін барлық еркексымаққа сабақ болады деп үміттенемін. Зорлық құрбаны болғандардың бәріне айтарым, үнсіз қалмаңыздар, өздеріңізді қорғаңыздар. Қоғам зорлық құрбанын емес, зорлықшыны айыптағаны маңызды. Зәбір көрген әрбір қыз-келіншекке айтарым: соңына дейін жеткізу керек, әділет боларына сеніңіздер", - деді алматылық.

    Айта кетейік, бүгін атышулы "Ұлжан ісі" бойынша сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жабық режимде өтті. Алматы тұрғыны оқиға туралы полицияға 2023 жылдың тамыз айында арызданған болатын.

    Қыз Назарбаев даңғылы бойындағы бардан шығып бара жатқанда, оған ер адам келіп, өзін мекеменің күзетшісімін деп таныстырған. Осыдан кейін ол үйіне алып кетуді ұсынған. Оның теріс пиғылын білмеген Ұлжан үйіне дейін жеткізуіне келісім берген. Үй подъезінің маңында бар күзетшісі қызға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, зорлаған.

    Сот мәліметінше, айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

    Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, сотталған адам материалдық, моральдық залал және сот шығындары ретінде шамамен 6 млн теңге төлеуге тиіс. Ол үкімге шағымдана ма, жоқ па белгісіз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.