"Үйіңізге оралуға асықпаңыз": СҚО құтқарушылары тұрғындарға үндеу жасады (видео)
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның беті қайтты. Соңғы екі күнде Есіл деңгейі 20 сантиметрге түскен. Ал су басқан аумақтарда жер қарайып көріне бастаған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарна ақпаратынша, Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендеп, өңірде су тасқыны қаупі сейілген. Подгора ықшамауданында су қайтқанын анық байқауға болады. Кілкіп тұрған көлшіктер тартыла бастаған.
Жалпы облыс орталығында екі мың үй су астында қалған болатын. Көбісі құлап, тіпті тасқынмен ағып кеткен баспаналар да болған. Мамандар су басқан ғимараттардың жартысы "тұруға жарамсыз" деп отыр.
Қазір қала шетінде тасқыннан зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысы басталды. Әйтсе де құтқарушылар су толық қайтпайынша, үйге әзір жоламаңдар деп ескертіп отыр. Тәртіп сақшылары да үйлерді күні-түні бақылауға алған.
"СҚО тұрғындары қазір үйіне оралуға асықпаса екен, себебі әлі де қауіп бар. Бірнеше күн бұрын ауыл тұрғыны резеңке қайықпен үйіне бармақшы болады. Бірақ қайығымен қоса толқын алып кеткен. Сол күні жел тұрған. Құтқарып қалдық. Сақ болған жөн", - деді СҚО ТЖД бас маманы Евгений Журавлев.
Дереккөз: КТК арнасы
- Жамбыл облысында 42 ауылды су басуы мүмкін
- Атырау облысында құтқарушылар жардан құлаған жылқыны судан шығарып алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2093351-uiingizge-oraluga-asyqpangyz-sqo-qutqarushylary-turgyndarga-undeu-zhasady-video/