Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында құтқарушылар жардан құлаған жылқыны судан шығарып алды

Опубликовано:

Су тасқыны кезінде жылқыны құтқару сәті
Судан шығарылған жылқы. Видеодан кадр: instagram.com/atyrau_tjd

Желіде құтқарушылардың Атырау облысындағы жардан құлап кеткен жылқыны судан құтқарған сәтінің видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін Индер ауданы Өрлік ауылының маңында Қызылордалық құтқарушылар жүзу құралы мен құтқару арқанының көмегімен жардан суға құлаған жылқыны алып шықты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар суға кетіп бара жатқан жылқыларды құтқарып қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Ақмола облысында құтқарушы шынжырға байланған күшікті су басқан үйшіктен алып шыққан. Оған қоса бұл өңірде су ортасында қалған алты түйе құтқарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092799-atyrau-oblysynda-qutqarushylar-zhardan-qulagan-zhylqyny-sudan-shygaryp-aldy-video/

pixel