Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірінде тасқынға байланысты жағдай тұрақталды

Опубликовано:

Су тасқынына қарсы жұмыстар
Су тасқыны. Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден төмендеді. Бірақ адамдардың үйіне қайтуы туралы айту әлі ерте, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, Оралда су тасқынынан зардап шеккен бірнеше мың адам бар. Халық шығын өтеледі деп үмітпен тізім жасап, өтініш беріп жатыр.

Қалада 10 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Онда әлі де 2 мыңнан астам адам тұрады. Эвакуациялық пункттерде халықты жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етуге тырысуда.

"Қазір мұнда 189 адам бар. Алайда зал 200 адамға шақталған. Келіп-кетіп жатқандар бар. Адамдар келеді: көңілі толмайды, бөлек бөлме керек. Іздеп кетіп қалады, таппай, қайтып келеді", - дейді эвакуация пунктінің жауапты қызметкері Леспек Баймағамбетов.

Құтқарушылар мен полицейлер су басқан аумақтарды патрульдеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде облыста су тасқынының салдарын жоюға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысына жұмылдырылған Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары басқа өңірлерге жіберілген.

Ал облыс орталығында жағдай тұрақтала бастады. Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеген. Қаланы енді су басу қаупі жоқ. Келтірілген залалдың толық көлемін бағалау үшін саяжайлардағы су кеткенше күту қалып отыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093363-qazaqstannyng-tagy-bir-ongirinde-tasqynga-bailanysty-zhagdai-turaqtaldy/