jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар жүргізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жолаушылар терминалдарына кіреберістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі.

Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтудің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты", - делінген хабарламада.

Комитет өкілдері алдын алу іс-шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізілетінін атап өтті.

Ведомстводағылар осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін әуежайға ерте келуі қажеттігін ескертті.

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.