Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, найзағай және өрт қаупі: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

2 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ертең Астанада батыстан жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Бейсенбі түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с болады.

Алматыда ертең түнде кей уақытта найзағай соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 18-23 м/с болады. Қонаевта түнде кей уақытта найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с болады.

2-3 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 мамырда түнде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бейсенбі түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

2 мамырда Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Ертең күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 2 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Бейсенбі күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

2 мамырда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады деп болжанды.

2 мамыр күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

2 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бейсенбі Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с боладв. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094266-zhauyn-shashyn-naizagai-zhane-ort-qaupi-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-dauyldy-eskertu-zhariialandy/

pixel