ТЖМ су басқан Құлсарының қазіргі жағдайы қандай екенін көрсетті
Жарияланған күні:
Құлсары қаласындағы кей көшелерді әлі де су басып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың су тасқыны салдарын қалай жойып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстау облысының құтқарушылары Құлсары қаласында су тасқынының зардаптарын жоюды жалғастыруда.
Әуеден түсірілген кадрларға қарағанда, қаланың кей аудандарын әлі де су басып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері суды арнайы қазылған траншеяларға жіберу үшін су сорғыларын пайдаланып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстандағы су тасқыны бойынша соңғы мәліметке сәйкес 41 мыңнан астам адам үйіне оралды.
Сондай-ақ құтқарушылар Жайық өзеніндегі судың Атырау облысына қарай бағыт алғанынбұған дейін атап өткен болатын. Атырауда өзен бойында жағалауды бекіту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094401-tzhm-su-basqan-qulsarynyng-qazirgi-zhagdaiy-qandai-ekenin-korsetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.