Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қан" құйылған пакет: сотта Салтанат Нүкенованың өліміне әкелген гематоманың көлемі көрсетілді (фото)

Опубликовано:

Айжан Аймағанова қан мөлшерін көрсетіп тұр
Айжан Аймағанова сот отырысында. Фото: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Қундық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында сөз сөйлеген прокурор марқұм Салтанат Нүкенованың басындағы жарақаттан қанша қан түзілгенін көрсету үшін қызыл сұйықтық құйылған бөтелке мен пакетті қолданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Прокурор Айжан Аймағанова алдымен 70 мл көлеміндегі бөтелкеге құйылған "қанды" көрсетті. Ол мида қанның көп болуы, сарапшы бұған дейін растағандай, өлімге әкелетінін атап өтті.

Алайда Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні алған жарақатынан миында көлемі 230 мл гематома пайда болған. Түсінікті болу үшін прокурор аталған мөлшердегі қызыл сұйықтықты бөтелкеге, кейін пакетке құйып көрсетті.

"Сарапшы Халимназаров бізге гематоманың көлемі 70 мл болғанын айтты, сондықтан біз өлшеуіш стақанмен көрсетіп тұрмыз, бұл адам өліміне әкелуі мүмкін. Гематоманың нақты формасы жоқ, бірақ, біз оның көлемін көрсетуді шештік.

Салтанатта көлемі 230 мл болатын гематома (бөтелкедегі қызыл сұйықтықты көрсетеді) Міне, бұл – Салтанаттың миын қысқан қан мөлшері", - деді прокурор.

Айжан Аймағанова қан мөлшерін көрсетіп тұр
Айжан Аймағанова сот отырысында. Фото: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Еске салайық, сәуір айының ортасында сот медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров Бишімбаевтың ісі бойынша сотта сөз сөйлеген болатын.

Ол Салтанат Нүкенованың басындағы бірнеше жарақатты манекеннен көрсетіп, адам құлап, мұндай жарақат ала алмайтынын айтты.

Сондай-ақ сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырып өлтіруі мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094584-qan-quiylgan-paket-sotta-saltanat-nukenovanyng-olimine-akelgen-gematomanyng-kolemi-korsetildi-foto/

pixel