Адвокат сотталушылар Салтанат Нүкенованың мәйітін жасырғысы келгенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомСалтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленушінің адвокаты Дамир Ишмаметов сөз сөйледі. Оның пікірінше, сотталушылар қыздың денесін мейрамханадан шығаруды жоспарлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Байжанов іздерді жоюға бар бар ынтамен кіріскен: жазбаларды өшірген, жазбаны тоқтатқан, телефонды Нүкенова жүретін жерлермен алып жүрген, киім-кешек алып келген. Бұл не үшін істелді? Бишімбаевтың нұсқауымен бе? Айыпталушының сөзіне келісемін, бұл бір ғана мақсатпен жасалды: Нүкенованың денесін алып шығып, жасыру үшін. Мәйт жоқ болса, іс те жоқ деген сөз", - деді адвокат.
Ишмаметов Бишімбаев Нүкеноваға бір сұрақты бірнеше рет қойған сәтінің бейнежазбасын талдай келе, 20 минуттан астам уақыт ішінде сотталушының бір сөйлемді 175 рет айтқанын анықтағанын атап өтті.
"Сондай-ақ Бишімбаев Нүкенованы теуіп жатқан жері анық көрінетін видеодан қан тамшылары да байқалатынына назар аудартқым келеді. Келесі бейнежазбада Бишімбаев "Шындықты айт, мен сонда саған тимеймін" дейді. Бұл нені меңзейді? Бұл деген Бишімбаев үзіліс кезінде (видеолар арасындағы – ред. ескертпесі) қарсылығын басу үшін, өзі талап еткен сөзді айтқызу үшін Нүкеноваға дене жарақатын келтіргенін көрсетеді
Тағы бір жазбада Нүкенова мен Бишімбаевтың диалогын естиміз, онда Нүкенова экранда қанды жейдесін көрсетіп, бұл айғақ болатынын айтады. Келесі видеода Нүкенова: "Түрмеге қамалатын болсаң, кем дегенде 10 жыл отырасың", - дейді. Демек, ұрып-соғу кезінде Бишімбаев Нүкеноваға өлтіретінін айтқан. Бұған "Қазақстан" орталық концерт залындағы видео да дәлел бола алады, онда ол бұдан былай оған пальто қажет болмайтынын айтқан", - деді адвокат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094794-advokat-sottalushylar-saltanat-nukenovanyng-maiitin-zhasyrgysy-kelgenin-aitty/