jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Өнегелі ұрпақ" апталығы: қарттарға құрмет көрсетілді

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Осы аптада "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы "Өнегелі ұрпақ" апталығымен жалғасуда. Апталық барысында әр аудан тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Осы орайда Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Өнегелі ұрпақ" акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің ауласында белсенділер тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптерін әктеп, өсіп кеткен шөптерді қырқып, қоқыстарды шығарды.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық жұмыстарын қарттар үйінде жалғастырудамыз. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, жастар, студенттер атсалысуда. Дәл қазір 50-ге жуық белсенді жас ауладағы талдардың түбін әктеп, қоршауларды сырлап шықты. Мұндай тазалық іс-шарасын көрген қарияларымыз да өз ризашылықтарын білдіріп, жастармен әңгімелесіп бір жасап қалды", - деді Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қуаныш Серікбай.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Қазыналы қария – ақылы теңіз дария" атауымен ұйымдастырылған іс-шарада тазалау жұмыстарын жүргізу және демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары да ұйымдастырылып, қалалық мәдениет бөлімінің әншілері ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған. Апталық барысында қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізу әрі қарай да жалғаспақ.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы: қарттарға құрмет көрсетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.