Астанада болған Ксения Собчак Бишімбаевтың ісіне қатысты репортаж шығарды
Жарияланған күні:
Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак өзінің Youtube арнасында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс жайлы бейнематериал жариялады. Белгілі журналист Астанада өткен сот отырысына өзі арнайы барып қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ксения Собчактың Youtube арнасындағы "Осторожно: Собчак" шығарылымы 1 сағат 21 минутқа созылған. Бұл бейнематериал Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске арналған.
Тележүргізуші бұл шығарылымды түсіру үшін арнайы Астанаға ұшып келіп, аталған іс бойынша сот отырысына қатысты. Бейнежазбада Собчак сот залында түсірілген кадрларды көрсетті.
"Сот процесі барынша ашық өтіп жатқанын атап өту керек. Себебі кейбір ресейлік сот отырыстарына журналистер кіре алмай жатады. Тіпті кейбір процесттерді әдейі жабық түрде өткізеді. Пл мында бәрі барынша ашық түрде өтуде. Бізде күтіп алып, бірінші болып өткізді. Ресейлік соттардың қалай өтетінін білетін мен үшін бұл өте таңғаларлық жағдай болды", - деді журналист.
Содан кейін Собчак 2 сәуір күні сотта болған жағдай туралы айтты. Ол кезде Бишімбаевтың ұялы телефоны қаралған болатын. Нәтижесінде телефоннан Салтанаттың соңғы сағаттарында түсірілген видеолар табылды.
"Естіген нәрседен бәрі шок алды", - деді тележүргізуші.
Оның сөзінше, видеоны тек жәбірленуші, айыптаушы тарапқа және сотталушының адвокаттарына ғана көрсетті.
Күллі елді дүрсілкіндірген іс жайлы шығарылымда Бишімбаевтың бұрыннғы әйелі Назым Қаһарман, Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен құрбысы, адвокат Жанна Уразбахова және бірқатар сарапшы бой көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095325-astanada-bolgan-kseniia-sobchak-bishimbaevtyng-isine-qatysty-reportazh-shygardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.