Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жағымсыз иіс қайдан келгені белгілі болды

Жарияланған күні:

Ақтау
Ақтау. Фото: BROKER/Michael Runkel/Getty Images

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары жағымсыз иіс ескі полигон аумағынан шығып жатқанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, қара темір іздеушілер ескі полигонды қопсытып, техникамен ашу салдарынан ауада жағымсыз иіс тарап, өрт болған, деп жазады Mangystaumedia.kz.

Желілік басылымның жазуынша, Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары тұрғындардың шағымы негізінде атмосфералық ауаға жедел мониторинг жүргізген.

Мониторинг жұмыстары Басқұдық ауылына қарасты канал бойына, "Қошқар-Ата" қалдық қоймасының қасындағы ескі полигон және өндірістік аумақтарына жүргізілген.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің басылымға мәлімдеуінше, ластану ошағы ескі полигон аумағында анықталған.

Мамандар атмосфералық ауадан алынған сынама күйе көрсеткішінің 14,652 мг/м3 (0,150 ШРК), яғни 97.7 есе шекті концентрациядан артып кеткенін анықтаған.

Куәгерлердің айтуынша, қара темір іздеушілер ескі полигонды қопсытып, техникамен ашу салдарынан ауада жағымсыз иіс пен өрт болған.

"Сонымен қатар Атамекен селосының өндірістік аумағында орналасқан жеке шаруашылыққа арналған аумақтың атмосфералық ауасынан көміртегі тотығы көрсеткіші 5,11 мг/м3 (5,0 ШРК), яғни 1,03 есе шекті концентрациядан артуын көрсетті. Өз кезегінде департамент мамандары ластану ошағының тиесілі иесін анықтап, заң аясында шара қолдануды жалғастырады", - деп мәлімдеген облыстық экология департаменті мамандары желілік басылымға.

Еске салсақ, бұған дейін ақтаулықтар қалада бірнеше күннен бері күйік иісі шығып тұрғанын айтып, шағымданғанын жазған едік. Маңғыстау облысы экология департаментінің өкілдері бұған Астрахань облысындағы қамыс өрті мен қоқыс полигонындағы өрт себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095583-aqtaudagy-zhagymsyz-iis-qaidan-kelgeni-belgili-boldy/