Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар су басқан Қобдада шыбын-шіркей мен маса қаптағанына шағымданды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Биыл су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында жергілікті тұрғындардың айтуынша, ірі масалар мен көк шыбындар қаптаған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Желіде Қобда тұрғындары терезеге жабысып тұрған ірі масалардың видеосын бөлісіп отыр. Жергілікті тұрғындар жәндіктер су тасқынынан кейін пайда болғанын айтты.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарының айтуынша, облыс орталығында көк шыбындар да қаптағаны байқалған. Тұрғындардың сөзіне сүейнсек, ауылдағы су тасқынының салдарынан ылғалдық деңгейі жоғарылағандықтан жәндіктер қаптаған.

Шенеуніктер Қобдадағы тасқыннан кейін расымен көптеген жәндік пайда болғанын растады. Дегенмен, олар ауыл тұрғындарын шыдамдылық танытуға шақырды – осы демалыс күндері шыбын-шіркей мен масаларға қарсы санитариялық тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

"Ұлттық сараптама орталығының келісімі бойынша біз Қобда ауылын дезинфекциялау жұмыстарын 2024 жылдың 5 мамырында бастаймыз", - деді Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірлан Демесінов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095805-turgyndar-su-basqan-qobdada-shybyn-shirkei-men-masa-qaptaganyna-shagymdandy/