Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайық өзенінде су деңгейі қауіпті межеге жақындады

Опубликовано:

Жайық жағалауы
Жайық жағалауы. Фото: t.me/oper_shtab_06

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев өңірдегі Жайық өзенінің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте атап өткендей, Индербор кентінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 824 см құрайды, ал қауіпті көрсеткіш - 845 см, Махамбет кентінде 831 см, қауіпті көрсеткіш 850 см, Атырау қаласында 480 см, қауіпті көрсеткіш 550 см.

"Исатай, Махамбет және Индер аудандарында жағалауды нығайту бойынша алдын алу жұмыстары аяқталды, Атырау қаласында жұмыстар аяқталып қалды. Атырау қаласында жоспарланған 250 км бөгеттің 248,4 км салынды, қазіргі уақытта кезекшілікке дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді спикер.

Құлсары қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарына қатысты өңір өкілі қазірдің өзінде 3,8 млн текше метрден астам су сорылғанын атап өтті. Өткен тәулікте 111 үйден су сорылды, 72 үйде, 2 кәсіпкерлік нысанда электрмен жабдықтау, 119 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді.

"Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2772 өтініш қабылдады. Қазіргі уақытта 800-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізілді", - деді Руслан Жұмағазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096156-zhaiyq-ozeninde-su-denggeii-qauipti-mezhege-zhaqyndady/