Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген тәжікстандық Абай облысында ұсталды

Опубликовано:

Полицейлердің іздеуде жүрген ер адамды ұстаған сәті
Полицейлердің іздеуде жүрген ер адамды ұстаған сәті. Фото: ІІМ

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Шетелдік" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде", - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Айта кетейік, 2024 жылғы 24-25 сәуір аралығында Астана қаласының аумағында "Іздестіру" кең ауқымды операциясы жүргізіліп, 8 күдікті бір күнде ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096198-10-zhyl-boiy-halyqaralyq-izdeude-zhurgen-tazhikstandyq-abai-oblysynda-ustaldy/

pixel