Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да екі жасар бала көлге батып кетті

Опубликовано:

Бала
Бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында оқыс оқиға болды. Екі жасар бала суға құлап, батып кетті деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚР ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, қайғылы оқиға Садыркөл көлінде болды.

"Ата-анасының қарауынсыз қалған саяжай аумағында 2022 жылы туған бала суға құлап, батып кетті", - делінген министрліктің хабарламасында.

Құтқарушылар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және судың жанында ойнауға жол бермеуге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Павлодар облысындағы Галицкое ауылынан 500 метр жердегі жасанды су қоймасынан жеті және сегіз жастағы екі баланың денесі табылған болатын.

Олардың анасы жұмыстан кейін үйіне оралған кезде ұлдарын таппай, полицияға хабарласқан. Полиция мен ауыл тұрғындары балаларды іздегенімен, судан мәйіттерін тапты. Жасанды су қоймасының қоршалмаған, жарығы жоқ болғаны және адам өміріне қауіп төндіретіні айтылды.

Наурыз айының соңында Ақтөбе облысында бала еріген қар суына батып кетті. Оқиға наурыз айының соңында Байғанин ауданы Ебейті ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096525-shqo-da-eki-zhasar-bala-kolge-batyp-ketti/

pixel